10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі әзірлеген Отбасы кодексінің жаңа жобасы жарияланды. Оған сәйкес, некеге тұруға рұқсат етілмейтін азаматтардың санаттары айқындалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді жеті атаға дейін туыс саналатын жастар шаңырақ көтере алмайды. Айта кету керек, мұндай тәртіп қазақ дәстүрінде де бар. Бірақ, Қазақстанда мұндай заңды талап жоқ.
Қырғызстанда, сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бір-біріне үйлене алмайды:
Өзге адаммен некеге тұрғандар;
Жеті атаға дейін туыстас жандар;
Асырап алушы мен асырандылар;
Жазасын өтеп жатқан сотталғандар;
Бір жынысты адамдар.
Бұл санаттарға жатпайтын жастар өзара келісімі болған жағдайда және 18 жастан асқан болса, еш кедергісіз некеге тұра алады. Үйленер алдында олар бір-біріне өздерінің денсаулық жағдайын хабарлауы тиіс. Бұл үшін олар арнайы медициналық тексеруден өтеді. Оның қорытындысы медициналық құпия болып саналады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді