6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған жаңа жобада айтылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ережеге сәйкес, АӘК алғысы келетін азаматтар өздерінің банк шоттарындағы ақшасы, шығындары, несиелері, микрокредиттері мен депозиттері туралы толық мәлімет ұсынуға міндетті болады. Бұл ақпарат тек азаматтың келісімімен ғана қаралады.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тетігін өзгерту арқылы шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарды анықтап, оларға нақты және әділ қолдау көрсету көзделіп отыр, – делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік бұл өзгерістер АӘК-ті әділетті бөлуді, ашықтықты арттыруды және ресурстарды нақты мұқтаж жандарға бағыттауды көздейді. Қоғамдық талқылау 5 мамырға дейін жалғасады. Егер жоба қабылданса, жаңа ереже 2025 жылдың желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі