Енді жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беріледі

10 Шілде 2023, 12:00 968

Бұл туралы ІІМ баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Енді Қазақстанда жаңа туған нәрестеге бірден жеке сәйкестендіру нөмірі берілетін болады. Брифингте бұл туралы Көші-қон қызметі комитеті хабарлағаны жөнінде айтылды.

ІІМ-де балаларға туғаннан кейін бірден ЖСН беру бойынша жаңа пилоттық жоба іске қосылған. Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш білдіргеннен кейін берілетін.

Оқи отырыңыз:

Сондықтан көптеген балалар ата-аналары мұндай куәлікті алғанға дейін есепке алынбады. Енді АХАТ жүйесі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, оның негізінде баланың ЖСН-і қалыптасады.
Аталған жүйе ата-аналардың жеке өтінішінсіз-ақ проактивті форматта бірқатар мемлекеттік қызметті көрсету тетігін автоматты түрде іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мынадай қызметтерді қамтиды: бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу, бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы жүгінудің қажеті болмайды.

Сонымен қатар жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді, содан кейін туу туралы куәлік болады.

Осылайша туу туралы куәлік берілгенге дейін Т.А.Ә. жоқ балаға ЖСН беру тетігін іске асыру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде туылған балаларды толық есепке алуды ғана емес, осы кезеңде де ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: