Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҰлттық банк елдегі валюта айырбастау пунктеріне бағам көрсетілген тақталарды сыртқа ілуге тыйым салмақ. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғам талқылауы 14 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы реттеуші органның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта айырбастау орындары бағам көрсеткіштерін көше жарнамасына жатпайтын нысан ретінде қарастырып, оларды ғимараттардың сыртына, жол белгілерінің үстіне және қоғамдық орындарға ретсіз орналастырып жатыр.
Кейбір жағдайларда мұндай ақпараттық тақталар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қатысушыларға қолайсыздық туғызады, – деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.
Егер бұл қаулы қабылданса, бағамды көрсететін ақпараттық тақталар тек айырбас пункті орналасқан ғимараттың ішінде ғана орналастырыла алады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар