13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызТүркияда ұшақ қонған сәтте экипаж рұқсатын күтпестен орнынан тұрып, қозғалған жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл өзгеріс елдің Азаматтық авиация жөніндегі бас басқармасының (SHGM) жаңа циркулярында көрсетілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Неліктен айыппұл салынады?
Құжатта соңғы кездері жолаушылар тарапынан жазбаша және ауызша шағымдардың артқаны, сондай-ақ SHGM жүргізген тексерістер нәтижесінде мынадай бұзушылықтар жиілегені айтылған:
Енді авиакомпаниялардың барлығына рейс барысында темекі шегуге тыйым салу және қауіпсіздік белдігін тағу туралы хабарландыру жасау міндеттеледі. Ал бұл талаптарды бұзған жолаушыларға қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік шаралар қолданылады.
Turkish Airlines әуе компаниясы өз бортсеріктерін бұл өзгерістер туралы алдын ала ескерткен.
Әзірге айыппұлдың нақты мөлшері белгіленбегенімен, авиакомпания баспасөз қызметі бұл шаралардың барлығы заң аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.
Неліктен ерте орнынан тұруға болмайды?
Кенеттен тежелу жолаушының құлауына себеп болуы мүмкін. Одан қалды орнынан ерте тұрып алған жолаушылар дәлізде бөгет жасап, төтенше жағдай бола қалған жағдайда, шығатын есіктерге қолжетімділікті шектейді.
Адамдар сөмкелерін сөрелерден асығып алып жатқанда, ұшақтың тежелуі салдарынан сөмкелер отырған жолаушылардың басына түсіп кетуі мүмкін.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды