6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектелмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
Ұлттық қордың қаражаты тек ірі инфрақұрылымдық объектілерді салу үшін сұралады. Сонымен қатар біз мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайтамыз, - деді Бектенов.
Үкімет басшысының сөзінше, субсидиялау шығындары барлық салада тоқтаусыз өсіп бара жатыр. Олардың нақты әсері есепке алынбайды әрі мемлекеттік органдардың тарапынан бақылау да әлсіз. Сондай-ақ, субсидия алу кейбір компаниялардың бизнес моделінің бір бөлігіне айналды деді премьер-министр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі