6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖапонияның Nippon Travel Agency туристік компаниясы мен Innovative Space Carrier (ISC) стартапы бірлесіп, ғарыш арқылы жолаушылар тасымалдауды коммерцияландыру жобасын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл бастама жүзеге асқан жағдайда, Токио мен Нью-Йорк арасындағы сапар бар болғаны 60 минутқа ғана созылады.
Компаниялардың бірлескен мәлімдемесіне сүйенсек, осы айда қол қойылған келісім аясында ұзақ мерзімді "SPACE Tour" бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама кезең-кезеңімен дамып, алдымен білім беру жобаларын қамтиды, ал 2030-жылдары толыққанды суборбиталық және орбиталық саяхаттар ұйымдастыруды бастап кетпек.
Алдын ала есеп бойынша, суборбиталық ұшу билеттерінің бағасы шамамен 100 миллион иенді (шамамен 3,5 миллион теңгені) құрайды. Ұшу бағыты арнайы теңіз платформаларынан іске қосылады. Сонымен қатар, ғарыш кемелерінің қозғалтқыштары мен корпустары қайта пайдалануға жарамды болады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі