10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөлік министрлігі интернет-платформа жүргізушілеріне, нақтырақ айтқанда, inDrive-қа 50 шақырымнан артық қашықтыққа қатынауға тыйым салатыны туралы мәселені қарастырып жатқанын хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы inDrive баспасөз қызметі былай деп пікір білдірді:
inDrive сервисі Қазақстан нарығында 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. Осынша уақытта біз реттеуші органдардың талаптарын қатаң сақтап келеміз. Қазіргі күні inDrive сапарлас жолаушыларды іздеудің ең кең тараған онлайн-қосымшасы болып отыр. Мұндай сапардың басты артықшылығы – жүргізуші жолаушыны оған ыңғайлы кез келген уақытта, өзара келіскен жолақыға кез келген қалаға жеткізеді. Қалааралық сапарлардың арақашықтығына шектеу қою көптеген жүргізушілер мен жолаушыларға әсер етеді, бұл мәселені нарықтың барлық қатысушылары Көлік министрлігімен бірлесе отырып шешу керек деп есептейміз.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді