28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытайдағы Пекин университетінің Онкология орталығы мен өзге де ғылыми институттардың зерттеушілері қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың өмірін едәуір ұзартатын жаңа иммунотерапия әдісін әзірледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл зерттеу The Lancet ғылыми журналында жарияланды.
CAR-T терапиясы дегеніміз не?
CAR-T деп аталатын әдіс генетикалық түрлендірілген иммундық жасушаларды қолдану арқылы қатты (солидті) ісіктермен күресуге бағытталған.
Әлемдегі алғашқы рандомизацияланған зерттеу нәтижесінде асқазан және өңеш-асқазан түйісуінің (ГАЖ) алдыңғы сатыдағы обыры бар науқастар стандартты ем алғандарға қарағанда CAR-T терапиясын қабылдаған кезде 40% ұзағырақ өмір сүргені анықталды.
CAR-T терапиясын қабылдағандардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 7,9 ай, ал стандартты емдеуде – 5,5 ай. Сонымен қатар, ремиссия кезеңі де ұзақ болған: CAR-T тобында 3,3 ай, стандартты емдеуде 1,8 ай ғана.
CAR-T терапиясының жаңа мүмкіндіктері
CAR-T терапиясы бұрын қан қатерлі ісігіне қарсы тиімділігін дәлелдеген болатын. Енді ғалымдар оның сүт безі, өкпе және ұйқы безі қатерлі ісігі сияқты барлық обырлардың шамамен 90%-ын құрайтын солидті ісіктерге қарсы әлеуетін көрсетті.
Тағы бір зерттеу нәтижесінде CAR-T жасушалары ми ісігінің ең агрессивті түрі – глиобластомаға қарсы тиімді болуы мүмкін екені анықталды. Алдын ала деректерге сәйкес, бұл терапия ісік көлемін азайтып, науқастардың өмірін ұзартады.
Оқи отырыңыздар:
Сарапшылардың пікірі
Мамандардың айтуынша, CAR-T терапиясы онкологиялық ауруларды емдеу тәсілін түбегейлі өзгертіп, бұрын емделмейтін қатерлі ісік түрлерінен зардап шегіп жүрген науқастарға жаңа үміт сыйлайды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?