22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда өңірлік деңгейде мемлекеттік борышты басқару тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды. Қажетті жұмысты Ұлттық экономика министрлігі Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын жүргізілген мемлекеттік аудит шеңберінде осы салада бірқатар кемшілік анықталған болатын.
Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жергілікті атқарушы органдардың басқа кредиторлар алдындағы қарызын өтеуге жұмсалған шығыстар жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілген. Бұл орталыққа борыштық жүктеме түсіреді. Жергілікті жерлерде қарыз алу лимиттері (кірістердің 10%-ынан аспайтын) кей жағдайларда сақталмайды. Ал жергілікті атқарушы органдардың лимитті сақтамағаны үшін жауаптылығы көзделмеген. Жалпы қарызды басқару әртүрлі әдіспен жүзеге асырылып келген. Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата ҚР ҰЭМ-ге нормативтік-құқықтық базаға қажетті өзгерістер енгізу арқылы анықталған олқылықтарды жоюды тапсырды, - делінген мәлімдемеде.
Нәтижесінде жаңа Бюджет кодексіне (2025 жылғы 15 наурызда қол қойылған) бірқатар тиісті түзету енгізілді:
енді жергілікті қарыздарды өтеуге арналған шығыстар орталық деңгейде қалыптасатын өңірлердің жалпы шығындарының болжамына (білім беру, медицина, инфрақұрылым және т.б.) енгізілмейді. Бұл өңірлерге оларды өтеу бойынша басым жауаптылық бекітеді;
жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттері ҚР Президентінің жарлықтарымен бекітілетін нысаналы бағдарлар ескеріле отырып айқындалады;
лимиттердің сақталмағаны үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері тікелей жауапты болады.
Сонымен қатар төмен тұрған бюджеттердің салықтық және салықтық емес кірістерін асыра орындау сомалары енді тоқсанына бір рет олардың борыштық міндеттемелерін өтеуге және жоғары тұрған жергілікті бюджеттердің басым әлеуметтік шығыстарын қаржыландыруға бағытталады.
Бұл тәсіл бюджеттердің дербестік қағидаттарын нығайтуға, борыштық жүктемені қысқартуға, қаржылық тәртіпті арттыруға және бюджет қаражатын тиімдірек бөлуге мүмкіндік береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев