Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредит беруге жұбайының келісімін алу қағидаттары мен келісім қажет болатын микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту қаулысын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 1 АЕК (3 692 00 теңге) сомасына кредит алуға болмайды. Енді несие беруші жұбайының бар-жоғын азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі (АХАЖ АЖ) арқылы тексереді немесе несиелік бюролардан ақпарат алады.
Ал жұбайының келісімін қағаз жүзінде немесе электрон форматта рәсімдеуге болады:
- қағазда ресімделетін келісімге клиенттің жұбайы (зайыбы) немесе оның нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін сенім білдірілген адамы қол қояды;
- электрон түрде ресімделетін келісім кредитордың қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымы не клиенттің жұбайын (зайыбын) биометриялық идентификаттауды қамтамасыз ете отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі;
- электрон түрде ресімделетін келісімге клиенттің жұбайы 48 сағаттың ішінде қол қоюы қажет.
Келісімде клиент және оның жұбайы (зайыбы) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және жеке сәйкестендіру нөмірі, кредит туралы мәліметтер: сомасы, мерзімі, сыйақы мөлшерлемесінің көлемі (жылдық пайызбен не белгіленген сомада), дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу арқылы сыйақы мөлшерлемесінің көлемі көрсетіледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?