Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне мал ұрлығына қатысты жеке бап енгізілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ең қатаң жаза – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Сондай-ақ, қайталанған ұрлықтар мен тұрғынжайға заңсыз кіру арқылы жасалған қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Бұл оларды ауыр қылмыстар санатына жатқызуға мүмкіндік береді және мал ұрыларының жәбірленушімен татуласу арқылы жауапкершіліктен құтылуына жол бермейді, – деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.
Ресми өкілдің айтуынша, ІІМ Ауыл шаруашылығы министрлігімен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
«Мал ұрлығының алдын алу бойынша ішкі істер органдары мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау органдарының өзара әрекеттестігі туралы» бірлескен бұйрық әзірленді. Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алудың тиімді шараларының бірі – тұрақты түрде жедел-алдын алу шараларын өткізу. Оларға полиция қызметкерлері, ветеринариялық бақылау мамандары және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады. Былтыр республикалық деңгейде екі рет «Мал ұрысы» жедел-алдын алу іс-шарасы және өңірлік деңгейде 76 іс-шара өткізілді, – деді спикер.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?