22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМонументтерді орнату қағидалары өзгереді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрық жобасында жазылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүргізеді.
Жергілікті атқарушы органдардың монументтік өнер құрылыстарын орнатуы бюджет және бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылады. Монументтік өнер құрылыстарын орнату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне, маңызды тарихи оқиғаларға орайластырылады.
Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті түлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды, - делінген бұйрық жобасында.
Құрылыстың жұртшылыққа қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жеке ұйымдардың аумақтарында және жекелеген меншік иелері мен пайдаланушыларға тиесілі учаскелерде құрылысты орнатуға жол берілмейді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев