Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЭкология және қоршаған орта басқармасы мен Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Sergek Group компаниясымен бірлесіп, оңтүстік астанада спектрометр атты арнайы құрылғыларды орнатты. Бұл құрылғылар көліктерден бөлінетін газ құрамын өлшеу және талдау үшін пайдаланылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, бұл инновациялық жоба ауа сапасының мониторингін жақсартуға және қалалық жағдайда пайдаланылатын автомобильдер арасында экологиялық стандарттардың сақталуына ықпал етуге бағытталған. Бүгінде ұқсас жүйелер әлем бойынша тиімді жұмыс істейді, мәселен, EDAR (Emissions Detection and Reporting) және Opus технологиялары Мадрид, Венеция, Берлин, Франкфурт, Лондон, Брюссель, Париж және басқа да ірі қалаларда сәтті енгізілген.
Спектрометрлер тар учаскелерде жолдың қарама-қарсы жақтарына орнатылады және жарық сәулелерінің көмегімен көлік құралын тоқтатпай-ақ нақты уақыт режимінде өтіп бара жатқан көліктерден шыққан газ құрамы туралы деректерді жинайды. Мұндай автоматтандыру экопосттардағы тексеру кезінде адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді және сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Sergek аппараттық бағдарламалық кешенімен интеграцияланған соң аталмыш технология шығарындылары нормадан тыс көліктердің мемлекеттік нөмірлерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Алайда қазіргі уақытта жоба тек Алматы қаласы бойынша ауаға көліктерден шығатын газдардың орташа мәндерін анықтауға бағытталған.
Бұл құрылғылар көмірқышқыл газы, көміртегі тотығы, азот оксидтері, көмірсутектер және аммиак сияқты заттардың концентрациясын анықтай алады және оптикалық тығыздық арқылы дизельді көліктердің түтінін бағалай алады.
Бастама биылғы Алматы қаласындағы экологияны жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, Экология және қоршаған орта басқармасы Sergek Group компаниясымен бірлесіп, инновациялық технологиялық шешімдерді енгізу арқылы қалалардың тұрақты дамуын қолдауға бағытталған бағдарламаларды енгізуде.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова