30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстан автонарығында жаңа бренд пайда болуы мүмкін. Proton компаниясы мен «Бәйтерек» ұлттық холдингі ынтымақтастық туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін Малайзия компаниясының басшылығы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевпен кездескен еді, ал қазір келіссөздер нақты қадамға ұласқанға ұқсайды.
Қол қойылған құжатта Қазақстан аумағында көлік құрастыру өндірісін ұйымдастыру қарастырылған. Бұрын Mitsubishi моделдерін шығарумен танылған Proton бүгінде Geely платформаларына негізделген жаңа буын көліктерін, соның ішінде e.MAS атты электрмобильдер желісін өндіріп жатыр.
«Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Рустам Қарағойшин меморандумның басты мақсаты - елде ұлттық автокөлік өндірушісін қалыптастыру екенін мәлімдеді.
Бұл бастама отандық автосаланы дамытуға тың серпін береді. Компанияның технологиясы мен тәжірибесі жаңа өндірістік база құруға және өзіміздің ұлттық брендті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл өнеркәсіптің және жалпы экономиканың дамуына оң әсер етеді, - деді холдинг басшысы.
Қазақстанда жеке автомобиль маркасын шығару идеясы бұрындары да көтерілген. Шамамен он жыл бұрын Allur тобы қазақстандық бренд ұсынуға талпынып, оның негізін қытайлық платформаларға сүйенген гибрид және электрмобильдер құрайды деп жоспарда көрсеткен болатын. Қазір Proton-мен әріптестігі бар Geely-дің жаңа модельдері Қостанайдағы зауытта құрастырылатын болды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды