Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда көпшілік жиналатын орындарда бетті тұмшалап жүруге шектеу қойылатын болды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қариннің айтуынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент қарауынан өтіп, қабылданған маңызды заңнамалық өзгерістердің бірі – қоғамдық орындарда азаматтардың бетін жабуына тыйым салу.
Бұл шешім ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Көп жағдайда бұл мәселе тек діни көзқараспен байланыстырылады, алайда біз бұған тек діни тұрғыдан емес, жалпы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік тұрғысынан қарап отырмыз. Енді қоғамдық орындарда азаматтардың бетті тұмшалап жүруіне нақты шектеулер қойылады,– деді Мемлекеттік кеңесші.
Жаңа шектеу қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын күшейтіп, құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді етуге бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама халықаралық тәжірибеге де сай келеді. Мәселен, бірқатар Еуропа елінде де бетперде немесе тұмшаланған киім киюге қатысты шектеулер бұрыннан бар.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі