23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді мобильді қосымшаны пайдаланушылар жұмыс берушімен еңбек шартына тек қағаз түрінде ғана емес, смартфонды пайдаланып, eGov mobile қосымшасы арқылы қол қоя алады.
Жұмыс беруші https://hr.enbek.kz порталында өзінің жеке кабинетінде электронды еңбек шартының жобасын жасайды және оны жұмысшыға келісуге жолдайды. Жұмысшы шартқа қол қою ұсынысымен eGov Mobile мобильді қолданбасында push-хабарлама келеді. Жұмысшы өзінің жеке басын қысқа парольмен, мобильді қосымшадағы биометриялық деректермен растайды, push-хабарлама арқылы өтеді. Жұмысшы еңбек шартымен танысады, егер шарттармен келіссе, қысқа кодты енгізіп немесе биометриялық деректермен тексеруден өтіп, өзінің ЭЦҚ көмегімен қол қояды.
Жүйе https://hr.enbek.kz порталындағы жұмыс берушінің Жеке кабинетіне хабарлама жібереді. Жұмыс беруші электронды еңбек шартына қолжетімді тәсілдердің бірімен ЭЦҚ немесе QR арқылы қол қояды», - деп жазылған хабарламада.
Жүйе қол қойылған электронды еңбек шартын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне тіркеуге автоматты түрде жібереді, содан кейін шарт жасалған болып есептеледі.
Жаңа қызмет түрі іске қосылған сәттен бастап қол қойылған электронды еңбек шартының саны 775-ке жетті.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік