28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕнді Сергек камералары бағдаршамның сары белгісінде жүрген көліктерді анықтап, жүргізушілерге айыппұл салады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.
Оған себеп – жол апаттарының көбі сары белгі жанғанда болуы. Әзірге бұл тыйым Астана мен Алматы қаласында болмақ.
Бағдаршамның сары белгісі қозғалысқа тыйым салады, ал жыпылықтаған жасыл белгі енді тыйым салу белгісінің іске қосылатынын ескертеді. Мұндай заң бұзушылықтар камераға жазылып, көлік иесіне автоматты түрде айыппұл салынады, – деді Астана полиция департаменті.
Енді бағдаршамның сары түсінен өткендерге 36 920 теңге айыппұл салынады, ал 1 жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаса, айыппұл сомасы үш есе өсіп, 110 760 мың теңге төлейді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?