22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова балалар мен әйелдердің құқығын қорғайтын заңға қандай жаңа нормалар енгізілгенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның пікірінше, балалар мен әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық – қоғамға ортақ мәселе.
2017 жылы отбасылық зорлық-зомбылыққа жаза декреминализацияланғаннан кейін осындай салдарға тап болдық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң үстемдігі және тәртіп қағидатын күшейту тапсырмасын орындау үшін бүгінгі заңнамалық түзетулер әзірленді. Зорлық-зомбылыққа, басқа да қатыгездікке немесе адамның қадір-қасиетін қорлауға жол бермеу үшін бірқатар норма қарастырылды, – деді депутат.
2017 жылдан бастап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабына Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылса немесе 15 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылса, 73-2 бабы ұрып-соққаны үшін 10 АЕК айыппұл не 10 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылған. Бұл баптар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен алынып, Қылмыстық кодекстің 108-1 бабына: Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, 109-1 бабы: Ұру жаңа баптары енгізіліп отыр.
SN-нің мәліметінше, бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап балған барлық азаматтың құқығын қорғауға бағытталатын болады.
Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту. Жаңа редакцияда, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды, – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сондай-ақ жаңа редакцияда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев