Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекДания үкіметі әйелдер үшін міндетті әскери қызметті енгізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Дания үкіметі гендерлік теңдікті толықтай қамтамасыз етуді қалап, осындай жаңашылдықты ұсынды. Премьер-министр Метте Фредериксен алдағы бес жылда қорғаныс шығындарын қырық миллиард даниялық кронға арттыруды көздейтін жоспарды таныстыру аясында тиісті мәлімдеме жасады.
Сонымен қатар Фредериксен әскери қызмет мерзімін 4 айдан 11 айға дейін ұзартуды ұсынды.
Гендерлік теңдік қорғаныс саласын заманауи әрі әртүрлі бағытта дамытатынына күмәніміз жоқ, - деді М. Фредериксен.
Қорғаныс бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдан бастап жыл сайын 5000 ер мен 5000 әйел шақырылады. 2023 жылдың басында Данияның қорғаныс министрі Якоб Эллеман-Йенсен Дания әскері әлсіз екенін айтып, әйелдерді де міндетті әскери қызметке шақыратынын айтты.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?