28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарWhatsApp мессенджерінде кішкентай баласы бар ата-аналарға арналған жаңа мүмкіндік енгізіле бастады. Енді ата-аналар балалардың аккаунтын өз бақылауында ұстап, олардың кіммен сөйлесіп жүргенін және қосымшада қалай уақыт өткізетінін реттей алады.
Жаңа функцияның басты мақсаты – баланы қажетсіз байланыстардан қорғау әрі мессенджерді қауіпсіз пайдалануға жағдай жасау. Бұл режимде баланың WhatsApp-тағы әрекеттерін ата-ана шектей алады: мысалы, тек хабарлама алмасу мен қоңырау шалуға ғана рұқсат беріп, басқа мүмкіндіктерді өшіруге болады. Сонымен қатар ата-ана баламен кім хабарласа алатынын өзі белгілейді, қандай топтарға қосылатынын қадағалайды және бейтаныс адамдардан келген сұрауларды тексеріп отырады. Құпиялық баптаулары да ата-ананың бақылауында болады.
Бақылау жүйесі арнайы алты таңбалы PIN-кодпен қорғалған. Бұл - баланың өзі баптауларды өзгерте алмауы үшін енгізілген қосымша қауіпсіздік шарасы.
Функция әлем бойынша біртіндеп іске қосылып жатыр, сондықтан кей өңірлерде кейінірек пайда болуы мүмкін. Функцияны қосу әдісі өте қарапайым: алдымен баланың құрылғысына WhatsApp орнатылады, тіркелу кезінде «ата-ана бақылауындағы аккаунт» нұсқасы таңдалады, телефон нөмірі мен туған күні расталады. Содан кейін баланың аккаунты ата-ананың профилімен QR-код арқылы байланыстырылып, PIN-код қойылады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?