1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіЕлорда маңындағы елді мекендерде сапалы интернет болу үшін тұрақты жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігіне сілтеме қойып.
Президент Қазақстан халқына жолдауында интернет сапасын арттыру туралы бірнеше рет айтып, тапсырма берген болатын. Қазір Астана қаласының әкімдігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және байланыс операторларымен бірлесіп, тапсырманы орындау үшін тиісті жұмысты жүргізіп жатыр.
Негізінен проблемалы аймақ пен елді мекендерге назар аударылады. Мысалы, қалада 16 елді мекен және 1 саяжай алабы бар. Мұндағы мәселе елді мекендерде кабельдік кәріздің болмауымен байланысты.
Былтыр әкімдік электр желілері арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) төсеу туралы шешім қабылдады. «Астана-АЭК» АҚ-мен бірлесіп, толық қаржыландыру есебінен елорда маңындағы елді мекендерге электр тарту және жарықтандыру тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды. Енді елді мекендерде ТОБЖ салуға дайын инвесторларды іздеуді бастадық, -делінген хабарламада.
Бүгінде мұндағы тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілері арқылы жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық теледидар қызметтері ұсынылады.
Инвесторлар жарықтандыру тіректері мен электр желілері арқылы өтетін заманауи GPON технологиясын қолданады. Инвестицияның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?