Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндеөткен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі республикалық кеңес барысында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері (АӘК) айтылып, талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы азаматтардың шығыстарын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойды. Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсетуді трансформациялау күтілуде.
Бұл мәселе бойынша Еңбекмині Әлеуметтік көмек департаментінің басшысы Айнұр Әбдірахманова баяндама жасады.
Ол қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп АӘК тағайындауға үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау тетігін пысықтап жатқанын хабарлады. Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті сатып алуға, оқу ақысы мен қосымша білім алуға, демалыс пен ойын-сауыққа, сауықтыруға, жиһаз, тұрмыстық техника заттарын сатып алуға, кредиттерді өтеуге және т.б. шығыстардың түрлерін қарастыру жоспарлануда.
«Ұсынылып отырған алгоритм АӘК тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алу үшін SMS-хабарлама жіберуді көздейді. Бұл банктік құпияны ашу және үшінші тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізуге қатысты емес. Тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізілетін болады», – деді Айнұр Әбдірахманова.
Сондай-ақ, АӘК тағайындау тетігіндегі алдағы өзгерістер шын мәнінде мұқтаж азаматтарды анықтауға және оларға мемлекет тарапынан нысаналы қолдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 70,2 мың отбасындағы 372 мыңға жуық азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Биыл бұл мақсаттарға бюджеттен 60,5 млрд теңге қарастырылған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?