6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБиыл елімізде Еңбек күні мерекесі 24 қыркүйек күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Еңбек күні күнтізбедегі еңбек мерекесі ғана емес, жұмыс өмірінің сапалы көрсеткіші екенін айтады.
Еңбек күнін мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд болып табылады. Әлемнің 100-ден астам елі бұл күнді айрықша атап өтеді. Ал бірқатар елде тіпті мемлекеттік мәртебеге ие, – деді вице-министр.
Сондай-ақ Ақмәди Сарбасов Еңбек күнін мерекелеу аясында жыл сайын «Еңбек жолы» деген республикалық конкурсы өтетінін айтты.
Биыл конкурсқа қатысу үшін 591 өтінім қабылданды. Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндіріс үздік жас маманы» номинациялары бойынша өңірлік және республикалық деңгейде екі кезеңмен өтеді, – деді Ақмәди Сарбасов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрінің сөзінше, аталмыш байқаудың жеңімпаздары 22 қыркүйек күні салтанатты рәсімде жарияланады. Оларға ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етіледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі