30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАсқар Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Асқар Сақтағанұлы Биахметов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген Үкімет басшысының қаулысында.
Асқар Биахметов 1975 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, ҚАЗМЗА – «Құқықтану» мамандығы бойынша, ҚР Президенті жанындағы МБА ҰМСМ магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша және Дьюк университетін бітірген.
1993–2004 жылдары облыстық қаржы басқармасында, «Профилакторий» ӨК, Салық комитетінде, қалалық әкімдікте, сондай-ақ Ақтөбе облысының қазынашылық және қаржы басқармаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2004-2009 жылдары — Ақмола облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бастығы.
2009-2014 жылдары — ҚР Конституциялық Кеңесінің бөлім меңгерушісі.
2014-2015 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры.
2015-2018 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.
2019-2020 жылдары — ҚР премьер-министрі бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2020-2023 жылдары — ҚР премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды