Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке шыққан жағдайда алатын зейнетақы төлемдері туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сенат кулуарында журналистер Жақыповадан қазір зейнетке шықса, қанша зейнетақы алатынын сұрады.
Мен үш түрлі төлем ала аламын, себебі менің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілім бар. 16 жасымнан, 10-сыныптан кейін жұмыс істей бастадым. Тиісінше менде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақ бар және базалық зейнетақы қарастырылған, – деп жауап берді Жақыпова.
Алайда министр нақты сандарды атаған жоқ.
Нақты есептеп көрмедім, бірақ ол барша халыққа бірдей. Егер мен қазір зейнетке шықсам, менің базалық зейнетақым шамамен 32 мың теңге болар еді. Орташа алғанда, базалық төлем 47 мың теңгені құрайды, – деді министр.
Бұған дейін министрлік зейнетақы мөлшері 120 пайызға дейін өсетінін айтқан. Сонымен қатар Астанада жұмыс уақыты таңғы 7-де басталуы мүмкін.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар