18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?2024 жылы жергілікті атқарушы органдардың еңбек инспекциялары министрліктің қарамағына берілді, бұл еңбек заңнамасының сақталуын тиімді бақылауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Осы реформа аясында аумақтық бөлімшелермен бірге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті құрылды.
Нәтижесінде жалақыны кешіктіру мәселелерін қоса алғанда, еңбек құқықтарының сақталуын тексеру күшейтілді. Мәселен, 2024 жылдың 11 айында 277 кәсіпорында 4,4 млрд теңге сомасына жалақы бойынша берешек анықталды және 17,5 мың қызметкер өз еңбекақысын алды.
Сонымен қатар тексеру барысында 7 583 бұзушылық анықталды, оның 5 723-і еңбек саласына, 1 793 – еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, ал 67-сі халықты жұмыспен қамтуға қатысты. Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды. Бұл шаралар 33 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығын қорғауға мүмкіндік берді.
Еңбек жағдайларын жақсартуда кәсіпорындардағы еңбек жағдайлары мен кәсіптік тәуекелдерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді атап өткен жөн. Осының арқасында 2024 жылы жарақат алу деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға төмендеді.
Сонымен қатар такси жүргізушілеріне әлеуметтік кепілдіктер енгізіліп, олардың әлеуметтік қорғалуын едәуір арттырды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр