30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыEnbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірлерінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және басқа да 20-дан астам ірі жұмыс беруші қатысады. Жәрмеңкеде әр түрлі мамандықтар бойынша 680-нен астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-таныстырылымын өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады, сондай-ақ «Сынақ мерзімін қалай сәтті өтуге болады» және «Жұмысқа басқа үміткерлерден қалай ерекшеленуге болады» вебинарларына қатыса алады.
Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды