28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДепутат Жигули Дайрабаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға депутаттық сауал жолдап, еңбек адамының атқарған жұмыысн барынша көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісменнің сөзінше, өткен жылы көктемгі дала жұмыстары мен егін жинауға 580 млрд теңге бөлініп, биыл 700 млрд теңгеге ұлғайды. Болашақта ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 1,5 трлн, техниканы жаңартуға 400 млрд, ал инвестициялық жобаларға 800 млрд теңге бөлінеді.
Басқа салаларды алып қарасақ, 2024 жылы 500 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек, 580 мың көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы берілді, ауылдарда 361 медициналық нысандар пайдалануға берілді, 12 мың шақырым автомобиль жол құрылысы жасалынды, 257 мектеп салынды, 39 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүргізіліп, 166 ауылда суды тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылды. Мұның барлығы қыруар күшпен, ел – жұрттың көз алдында атқарылған жұмыстар! Алайда, осының бәрін көпшілік біле бермейді. Осы күні барлық салада тек негативті көрсететін «блогерсымақтардың» қатары көп. Сол азаматтардың көпшілігі қолына күрек алмаған, халық үшін атқарылып жатқан игі істердің қадірін жете түсініп, байыбына да бармаған жандар!, - деді ол.
Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Депутат «Түйір нан – тамшы тер», - деген! Жоғарыда атап өткен барлық ілкімді жобалардың жүзеге асуы қыстың шіліңгір аязында, жаздың аптап ыстығында, күн деместен, түн деместен жұмысын адал атқырып жүрген сол қарапайым еңбек адамының арқасы екенін айтады.
Өкінішке қарай, жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүретіндердің қатары көбейген қазіргі қоғамда сол нағыз еңбек адамдарын ұлықтауымыз керек! Олардың еңбек жолын насихаттауымыз қажет! Ол үшін не істемек керек?!
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?