28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарКәсіби мереке – Металлургтер күні қарсаңында «AMANAT» партиясы ел бойынша металлургия саласындағы кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен салтанатты кездесулер өткізуде. Мұндай шаралар Қарағанды және Павлодар облыстарында да ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл шаралар Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтті.
Біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді, - делінген Президент Жолдауында.
Қарағандыдағы кездесу партияның облыстық филиалында ұйымдастырылды. Аймақтағы ірі өндіріс ошақтарында еңбек ететін мамандармен қатар шағын кәсіпорын жұмысшылары да кәсіби мерекемен құттықталды. Қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Ұзақ жылдар бойы жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп, саланың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді.
Сонымен қатар кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі, зейнетақымен қамтамасыз ету, жас мамандарды қолдау, өндірістегі жағдайды жақсарту және тұрғын үй бағдарламалары сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?