13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанда қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін бес жыл өмір сүрген пациенттердің үлесі 65%-ке жетті. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз Еуропа мемлекеттерінің деңгейіне жақындап келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астанада өткен Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Қазақстанда қатерлі ісік диагнозы қойылғаннан кейін бес жыл өмір сүрген пациенттердің үлесі артқаны хабарланды.
Бес жылдық өмір сүру деңгейі алғаш рет жоспарланған 58% межеден асып, соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткішке айналды. Қазақ онкология және радиология ҒЗИ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, бұл индикатор онкологиялық көмек тиімділігін бағалауда негізгі өлшемдердің бірі саналады.
Жалпы өсімге ең үлкен үлес қосып отырған – сүт безі, жатыр мойны және қуықасты безі қатерлі ісігі бойынша қол жеткізілген нәтижелер. Бұл бағыттарда Қазақстанның бес жылдық өмір сүру деңгейі 80%-тен асып, Еуропа стандарттарына барынша жақындады. Сондай-ақ ерте диагностиканың артуы да болжамды айтарлықтай жақсартып отыр: нөлінші және бірінші сатылардың үлесі 32,8%-ке дейін көтеріліп, былтырмен салыстырғанда 4,1%-ке артқан. Онкологиялық науқастардан болатын өлім-жітім 100 мың адамға шаққанда 59 жағдайға дейін төмендеді – бұл былтырғы деңгейден 3%-ке аз және мақсатты көрсеткіштен жақсы.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоға мына міндеттерді жүктеді:
Өңірлік басқармалар скринингтерді күшейтіп, кеш анықталатын сатылардың үлесін азайтуы керек. Бұл адамдардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығына тікелей әсер етеді, – деді Ақмарал Әлназарова.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды