22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыDungeons&Dragons (D&D) ойынының ең ұзаққа созылған партиясы ресми түрде Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл ойындық кампания үздіксіз 43 жыл бойы жалғасып келеді. Бұл туралы ақпарат Гиннес рекордтар кітабының сайтында жарияланған, деп жазады El.kz интернет порталы.
1982 жылдың 25 сәуірінде Канаданың шағын Борден қалашығынан шыққан жасөспірімдер Джефф Голдинг пен Роберт Уордхо сол кездегі жаңа фэнтези үстел ойыны D&D-ні ойнай бастаған.
Уақыт өте келе бұл хобби оларды әбден баурап алды: ойын кеңейіп, жаңа қатысушылар қосыла бастады. Кейіпкерлер пайда болып, жоғалып жатты, ал қиял әлеміндегі оқиғалар олардың шынайы өмірімен қатар жүретін бір бөлек шындыққа айналды.
Роберт Уордхоның үйінің жертөлесі бүгінде нағыз «D&D штабына» айналған: онда 30 мыңнан астам миниатюралар, қалалар мен қамалдардың макеттері және әртүрлі пейзаждар бар. 43 жыл ішінде 500-ден астам кейіпкер ауысып, ойын әлемінде 400 жылдан астам уақыт өткен.
Қазір ойынға қатысушылардың көбі 50 жастан асқан, олардың отбасы, балалары, жұмысы бар. Соған қарамастан, олар ойыннан бас тартқан емес: аптасына екі-үш рет жиналып ойнайды. Кейде үзіліс болады, бірақ ол екі аптадан артық созылып көрмеген.
Бәрі Титаниус Болдуин есімді жас жауынгер мен жолаушының тарихынан басталған еді. Ол өз ауылын қиратқан дұшпандардан кек алу үшін Грейхоктағы сапарын бастаған. Жолында құбыжықтармен шайқасып, үңгірлерде қазына іздеп, қатал әлемде тірі қалуға тырысты.
43 жылдық ойын – бұл тек фэнтези емес, достық пен қиялдың шексіздігін дәлелдеген өмірлік тарих.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев