28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарГерманияда TÜV қызметі соңғы бір жыл ішінде техникалық тексерістен өткен миллиондаған көліктің нәтижесін жариялады. Жалпы жағдай өзгеріссіз болғанымен, кейбір деректер ерекше назар аудартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Электромобильдер арасында Tesla маркасы сапа бойынша тізімнің соңында қалды. Сарапшылар оның қуат жүйесі емес, аспа, тежеуіш және шам сияқты кәдімгі механикалық бөлшектері жиі ақау беретінін айтады. Бұл көрсеткіш екі жыл қатарынан өзгермей келеді.
Ал Mini-дің электр нұсқасы керісінше сенімділігімен көзге түссе, Audi мен Fiat та жақсы баға алған.
Ұзақ уақыт қолданылған көліктердің ішінде BMW-ның кейбір ескі сериялары, сондай-ақ Dacia Duster мен Renault Clio жиі бұзылғаны анықталды. Volkswagen-нің бірнеше моделі, соның ішінде Golf, T-Roc және ескі Touareg өзінің мықтылығын көрсетті. Жаңа шыққан шағын көліктер арасында Mazda мен BMW-ның кіші модельдері алға шықса, орта класта Mercedes-Benz C-сы жоғары бағаланды.
TÜV он жылдан асқан, бірақ әлі де сенімді саналатын көліктердің рейтингін де жариялады. Мұнда Mercedes-Benz бірінші орынға шығып, оның артынан Audi мен Toyota орналасты. Бұл маркалар сапасы мен төзімділігін уақыт өткен сайын да сақтап отырғаны үшін жоғары бағаланды.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?