Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда 2025 жылдың қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 259 мәміле тіркелді. Оның ішінде 8 717 мәміле жеке үйлерге, ал 32 542 мәміле көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерге тиесілі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл деректерді Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Бір ай бұрынғы көрсеткішпен (қыркүйек - 41 313 мәміле) салыстырғанда, жалпы мәмілелер саны 0,1%-ға азайған.
Қай өңірлерде баспана көп сатылды
Мәмілелердің негізгі үлесі дәстүрлі түрде елдің ірі қалаларына тиесілі:
Ал ең аз белсенділік Ұлытау облысында тіркелді - барлығы 327 мәміле (0,8%).
Өсу және төмендеу көрсеткіштері
Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда жалпы мәмілелер саны 5,4%-ға артқан (2024 ж. - 39 143). Ең жоғары өсім:
Ал керісінше, баспана сатылымы айтарлықтай азайған өңірлер де бар. Мәселен, Қызылорда облысында: 28,4%, Алматы қаласында: 11,2%, ал Ақтөбе облысында: 5,2% төмендеген.
Көппәтерлі үйлер нарығындағы ахуал
Қазан айында көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты мәмілелердің үлесі 78,9% болды (32 542 мәміле). Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 0,3%-ға аз.
2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы тұрғын үй нарығындағы мәмілелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өскен. Сарапшылардың пікірінше, нарықтағы белсенділіктің артуына ипотекалық бағдарламалар, халықтың көші-қоны және инвестициялық сұраныс негізгі фактор болып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары