Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов El.kz ақпараттық-танымдық порталындағы «Тренд дня» бағдарламасында еліміздегі мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысты наразылығын білдірді.
«Мұнда мектептер мен дене шынықтыру кешендерінің салынып бітпеуі сияқты үлкен мәселелер туындап отыр. Қолданыстағы жүйе келісімшарт мерзімін шексіз ұзартуға, нарықта бағаның көтерілуін күтуге мүмкіндік береді», - деді Дидар Смағұлов.
Сонымен қатар ол мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі келісімшарттың шексіз ұзартылуын мысалмен келтіре кетті.
«Солтүстік Қазақстан облысында емхана салуға жасалған келісімшарт 9 рет ұзартылып келген. Оған қаржыландырудың болмауы сияқты ешқандай себеп те, негіз де жоқ. Осылайша құрылыс жүргізу мерзімін ұзартуға қосымша келісім жасалып, 9 рет ұзартылған. Бұл аурухананы өз көзіммен көргенмін. Ал қазір оның жұмысын басқалар аяқтап жатыр», - деді.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік