6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөркем гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Эльжана Таниева Олимпиада қарсаңындағы соңғы ірі турнирге қатысады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
23-28 шілде аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі өтеді.
Бұл бәсекеде Әлия Юсупова жаттықтыратын Эльжана Таниева бақ сынайды. Аталған турнир гимнастар үшін Париж Олимпиадасының алдындағы шешуші турнир болмақ.
Румыниядағы әлем кубогіне көркем гимнастикадан Париж Олимпиадасына жолдама алған 24 спортшы да қатысады.
Айта кетелік, қазіргі таңда Эльжана Таниева Германиядағы жаттығу базасында дайындалып жатыр. Спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын Ташкенттегі лицензиялық Азия чемпионатында жеңіп алған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі