23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіБұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz
28 қазанда Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында бұрынғы министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке сот үкімі оқылды.
«Елжан Амантайұлы Біртанов ҚР Қылмыстық кодексі 361-бабының 3-бөлімінде санитариялық авиацияның әуе кемесін пайдалану эпизоды бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін кінәсіз деп танылсын және оның әрекеттерінде осы қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, ақталсын.
ҚР ҚК 361-бабы 3-бөлімі 4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын», - деп үкім оқыды судья Ибрагим Әлкенов.
Сондай-ақ Елжан Біртановты өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті атқару органдарында, Ұлттық банк пен оның ведомстволарында, квазимемлекеттік секторда, қаржы ұйымдарында қызмет атқаруға тыйым салды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады