6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана қаласының №36 орта мектебінде инклюзияны қолдаууға арналған жаңа кабинет салтанатты түрде ашылып, таныстырылды
Инклюзияны қолдау кабинетінің моделін Астана қаласының білім басқармасы сарапшыларының қолдауымен және әдістемелік сүйемелдеуімен «Samruk-Kazyna Trust» қоры әзірледі.
Жаңа форматтағы кабинеттер психологқа, дефектологқа, логопедке және керамика шеберханасына арналған ашық кеңістік стиліндегі арнайы орындармен, сондай-ақ емдік дене шынықтыруға арналған жеке бөлмесімен ерекшеленеді.
Ашық кабинеттер «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны барысында жиналған қаражатпен жарақтандырылды.
Жобаның арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 100-ден астам бала мектеп қабырғасында жайлы оқу үшін жағдай жасалды.
Жаңа форматтағы осындай инклюзивті сыныптар №22 мектеп-гимназиясында, №36 орта мектепте, К.Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейінде және Ә.Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінде бар. Енді ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150-ден астам бала мектептерде құрдастарымен бірге оқи алады.
Айта кетейік, мектептерді Астана қаласының Білім басқармасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сұраныс пен қажеттілікті ескере отырып белгілеген болатын.
Осылайша, жоба 150-ден астам баланы білім беру және дамыту бағдарламаларымен қамтиды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі