12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлордада Сарыарқа ауданының Кендал көшесі, 6 және 8 мекенжайлары бойынша аз қабатты үйлер газдандырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана қаласы Энергетика басқармасының мәліметінше, жобада бұған дейін газдандырылмаған 137 абонентті қамтитын 30 көше ескерілген. Газ тарату желілерінің құрылысы толығымен аяқталды.
Құрылыс-монтаж жұмыстары қатаң техникалық қадағалаумен өтті. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде аяқталды, - деп атап өтті мердігер компанияның өкілі Әсет Сүлейменов.
Бүгін көгілдір отын Кендал көшесі, 6 және 8 мекенжайларына келе бастады.
Жыл соңына дейін қалған абоненттер үшін газ іске қосылады деп күтілуде.
Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады, бұл Сарыарқа (Көктал-1, Көктал-2 т/м, Агроқалашық және Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде), Алматы («Теміржолжылар» т/м, «Промышленный», «Оңтүстік-Шығыс» оң жағы, «Оңтүстік-Шығыс» сол жағы, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный, сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» екі шағын аудандарында), Есіл (Велла вильж, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра (Будапешт т/к, Космик Сити) аудандарында тұтынушыларды қосуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ «Тұран», «Тельман», «Оңтүстік-Шығыс» және «Үркер», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс», «Кирпичный» газ жылыту станцияларына газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер