Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстананың сол жағалауында қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ең үлкен цифрлық портреті көрініс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, диагоналы 65 метр болатын портрет 53 мың пиксельден астам жаңа LED-жарықтандырумен жабдықталған дөңгелекке орналастырылған.
Портрет қазақтың ою-өрнегімен және туымен көркемделген.
Қала тұрғындары шығармашылық туынды жасау үшін бұл орынға жиі бас қосады. Атап айтқанда, Астана тұрғыны, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртісі Ұлжан Құлжанова портрет жанында «Көзімнің қарасы» туындысын скрипкамен орындады, - делінген мәліметте.
Нұра ауданының әкімдігі мен Ailand отбасылық демалыс орталығы ұйымдастырған іс-шара 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне орайластырылды. Портрет пен анимацияны көрсету 16 тамызға дейін жалғасады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар