Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2025 жылдың қаңтарынан бастап елорданың мектепке дейінгі ұйымдары ваучерлік қаржыландыруға көшеді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев елордалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта ваучерлік қаржыландыру жобасы Тараз, Шымкент және Түркістан қалаларында бар.
Елорданың білім басқармасының басшысы ваучерлік қаржыландыру жүйесінің негізгі артықшылықтарын атап өтті:
Сонымен қатар, Қасымхан Сенғазыев ваучерлік қаржыландырудың негізгі қағидаттары туралы айтты.
Егер бұрын бала балабақшадағы орынға кезекте тұрса, енді ол ваучерге кезекке тұрады. Енді балабақшаны таңдау ата-ананың қолында. Бұған дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы балабақшаға берілген болатын, ал қазір ваучер баланың соңынан ереді, - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, Астанада ваучерлік қаржыландыруды іске асыру 2025 жылдың қаңтарында басталады.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесінде кезек баланың жасына және оның әлеуметтік мәртебесіне байланысты 18 санатқа бөлінеді. Әр санаттың өз кезегі болады. Ваучер итерация (қайталау) арқылы беріледі, ал кезек жылына екі рет автоматты түрде жаңартылады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар