Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсНұра ауданында 6 тұрғын үй кешенінен қаланың келбетін бұзатын 60-тан астам маңдайша мен сыртқы жарнама алынып тасталды. Себебі олардың бәрі 2019 жылы бекітілген Астана дизайн кодына сәйкес емес. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілетеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкерлерге дизайн код бойынша қиын талаптар қойылған жоқ. Ең бастысы, белгілер ғимараттың қасбетіне бейімделуі керек және визуалды шу тудырмауы керек. Қала үлкейіп, дамып келеді және оның біртұтас келбеті болуы тиіс, – деп атап өтті Нұра ауданы әкімі орынбасарының м.а. Әлия Әбсеметова.
Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, орталық көшелер бойында орналасқан тағы 4 тұрғын үй кешені кезекте тұр. Бірте-бірте аудандағы белгілер мен жарнамалардың бәрі ретке келтіріледі.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада қала келбетін дизайн кодқа сәйкестендіру бойынша жұмыс белсенді түрде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 1500-ден астам заңсыз орнатылған белгі мен жарнамалық баннер алынып тасталды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды