Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрЕлорданың бизнес субъектілерінде 4 мыңнан астам құқық бұзылғаны анықталды, El.kz ақпараттық агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық құтқарушылар кәсіпкерлік субъектілері арасында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмысын үнемі жүргізіп отырады. Анықталған бұзушылықтар мен профилактикалық жұмыстар туралы онлайн-брифингте қалалық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтып берді.
Қаланың Төтенше жағдайлар департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі өрттің және олардың кәсіпкерлік нысандардағы зардаптарының алдын алу болып саналады.
Осылайша, бақылау субъектілеріне бір жыл ішінде 2 567 ақпараттық хат табыс етілді, жалпы 5 977 адамды қамтумен 427 жиын, 12 856 адамды қамтумен 960 дәріс және түсіндіру, жалпы 15 082 адамға өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша 1 109 нұсқама тапсырылды, 99 өрт қауіпсіздігі бұрышы орнатылды.
«Жалпы қабылданған шаралардың арқасында өрт қауіпсіздігі бойынша дайындықтан өткен тұрғындар саны 1,6 есеге артты, дайындық жүйесіне барлығы 123 мыңнан астам адам жұмылдырылды. Өрттердің ауқымы мен санын азайту бойынша мемлекеттік өрт бақылау маңызды рөл атқарады», - деді спикер.
Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігі желісі бойынша 1069 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 4195 бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 352 адам тартылды, оның 188-іне 15 млн 782 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша мемлекеттік өрт бақылау органдарының заңды талаптарын орындамаған субъектілерге қатысты Астана қаласының мамандандырылған халықаралық әкімшілік сотына 47 әкімшілік іс берілді.
«Бизнес объектілерінде анықталған негізгі бұзушылықтар ғимараттар мен құрылыстарды, эвакуациялау жолдарын, электр қуаты желісін, өрт автоматикасы және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін күтіп ұстау, аумақты күтіп ұстау және өртке қарсы режим кезінде жіберілген бұзушылықтар болып саналады», - деп атап өтті басқарма басшысы.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова