22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлорданың 25 жылдығына орай Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы жас ақындар мен жазушыларды қолдау мақсатында «Үздік жас қаламгер» байқауын жариялайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Байқаудың мақсаты – жас ақындар мен жазушыларға шығармашылық дамуы үшін жағдай жасау және жастардың оң бастамаларына қолдау көрсету, туған елге деген ықылас пен махаббатты арттыру, қазақ халқының дәстүрлерін жан-жақты зерделеу арқылы жастардың ақындық шеберлігін шыңдау, ұлттық мәдениет арқылы отансүйгіштік сезімді дамыту, қазақ тілінің рөлін көтеру, дарынды жас ақындар мен жазушыларды анықтау және оларға шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беру.
Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
* конкурсқа қатысу туралы өтінім;
* жас ақындар мен жазушылардың шығармалары:
Байқауға 14-35 жас аралығындағы елордалық жас ақындар мен жазушылар қатыса алады.
Байқау аясында үздік шығармалар жинау көзделген.
Әр жүлделі 25 қатысушыға – 500 000 тенге қаржылай сыйлық қарастырылған.
Үздік жас қаламгерлер байқауына жас ақындар мен жазушылар өз шағармашылық туындыларын 2023 жылдың 5 шілдесіне дейін ujq_2023@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Жоба соңында қорытынды марапаттау рәсімі өтеді.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 8-701-830-65-30 («Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ) телефон нөмірі арқылы алуға болады. Мекенжайы: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев