Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлорданың «Алатау» спорт кешенінде Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының құрама командасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ және Қазақстан Республикасының ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы шағын футболдан жолдастық кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасының ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Оралбек Омаров және Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблея Хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова турнирді салтанатты түрде ашып берді.
6 команда екі топқа бөлініп өзара мықтыны анықтады. Жолдастық кесдесудің ақтық кезеңінде Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының құрама командасы турнирдің Кубогын жеңіп алды. Ал, Қазақстан Республикасының ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы басшылығынан құрылған команда қарсыластарына 3:1 есебінде жол беріп, 2-орынға табан тіресе, 3-орынға ІІМ Астана қаласы Күзет қызметі басқармасы 2-полиция батальонының командасы қол жеткізді.
Сонымен қатар, үздік ойын көрсетіп, көзге түскен спортшылар турнирде «Үздік қақпашы» атанған Миракбар Мирахмадов, «Үздік шабуылшы» Махмуджан Ахмаджанов, «Үздік қорғаушы» Фархат Байжан және «Үздік ойыншы» атанған Рашид Хамчиев бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдармен марапатталды.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі