23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
Елорданың жасыл белдеуіне 150 дана көлемінде қырғауыл жіберілді, деп хабарлайды EL.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жұмысты «Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ «Астана орманы» ЖШС, «Астана Ветсервис» ШЖҚ МКК және Ақмола облыстық Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп атқарды.
Бұл құстардың екінші легі екенін айта кеткен жөн. 700 бас көлеміндегі бірінші партия осы жылдың сәуірінде шығарылды.
Табиғат ортасына шығарылған қырғауылдарды «Астана орманы» ЖШС орманшылары үнемі бақылауда ұстайды, қажет болған жағдайда қысқы уақытта қосымша қоректендіру жүргізіледі.
Жасанды орманның өсімдіктер дүниесін (флорасын) құру жануарлар дүниесін (фаунаны) дамытумен қатар жүруі керек. Сондықтан жасанды қырғауылдарды өсірудің басты мақсаты – елорданың жасыл белдеуінің жасанды түрде құрылған аумағын олармен қанықтыру.
Сонымен қатар қырғауылдардың мекендеу ортасының кеңеюі жаңа аумақтарды қоныстандыру және орманға зиян келтіретін жәндіктерді жою есебінен қол жеткізіледі. Қырғауылдарды орман аумағына жіберу зиянды жәндіктердің санын азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, жасанды түрде өсірілген қырғауылдарды табиғи саябақтар мен жасыл аймақтарға жібере отырып, эстетикалық мақсатта да пайдалануға болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады