23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді14 ақпанда Астана халықаралық әуежайына шаңғы жарысынан IX қысқы Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары елге оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл қатарда Ұлттық құрама қоржынына ерлер арасындағы классикалық спринтте күміс медаль салған Константин Борцов, 10 шақырымға еркін стильде үздік үштікті түйіндеген Олжас Климин бар.
Ең бірінші туыстарыма, қолдаушыларыма, халқыма алғысымды айтамын. Әрине, бұл ортақ жеңіс. Осы додада қарсыластарымыз өте мықты болды. Бірақ сонда да күшімді жинап, барымды салуға тырыстым. Енді алда қателіктермен жұмыс жасап, одан да жақсы нәтиже көрсетемін, - деді өз сөзінде Олжас Климин.
Сондай-ақ командалық эстафетада күміс иеленген аруларымыз (Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина) бен қола жүлдегер атанған ерлер құрамасы (Наиль Башмаков, Владислав Ковалев, Олжас Климин, Константин Борцов) болды. Оларды әуежайдан жақындары, жанкүйерлері және Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері ерекше құрметпен күтіп алды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады