22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлорданың Байқоңыр ауданында әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлері «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тәрбиенушілеріне арнап шырша мерекесін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, өнерлі ата-әжелердің ұйымдастыруымен өткен «Жаңа жылға арналған ғажайыптар!» атты жаңа жыл мерекесіне 15 балаға қатысты.
Шырша мерекесінде өнерпаз зейнеткерлер бүлдіршін балалармен бірге шыршаны айналып ән айтып, «Маша мен аю», «Карлсон» мультфильмдерінің кейіпкерлеріне айналып, жаңа жылдық көрініс көрсетті. Балалар Аяз ата мен Ақшақарға ән салып, тақпақ айтып берді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды шырша мерекесімен құттықтауға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшылығы, Байқоңыр ауданы әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің өкілдері келді.
Мерекелік іс-шараға қатысқан ата-аналар мен балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жағымды әсер қалдырды.
Балалар аға буын өкілдеріне өз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Шыршаның түбі жаңа жылдық сыйлықтарға толды. Балаларға тәттілер мен ойыншықтар таратылды.
Зейнеткерлердің бастамасымен өткен қайырымдылық шарасы бұдан әрі жалғасын тауып, келер жыл «Қайырымдылық жібі» аясында өтетін болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев