Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордалық волонтерлер тұрғындарға үйдің маңындағы қарды күреуге көмектесуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауа райының бұзылуына байланысты қайырымдылық көмек көрсетіліп жатыр. Толассыз жауған қар жеке тұрғын секторы тұрғындарына, әсіресе қарттарға қолайсыздық туғызуда. Соған байланысты «Астана Жастары» және «Жастар рухы» волонтерлері елорданың екі ауданындағы 5 тұрғын үйдің ауласын қардан тазартуға көмектесті.
Мұндай көмек болғаны қандай тамаша. Жеке үйде тұрғандықтан қыста қар күреу қиындық туғызады.
Маған бүгін көмір әкелуі тиіс еді, ал қақпаны қар басып қалған. Сондықтан бұл дер кезінде көрсетілген көмек болды. Қарды өзіміз күресек әрине, қиын болар еді, - деді Астана тұрғыны Галина Вербовская.
Атап өтерлігі, елордалық волонтерлер қыста қар күреумен қатар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларына азық-түлік себеттерін жеткізуге, қарттарға ағаш жаруға және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай таратуға көмектеседі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары