7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Астаналық теннисші Альбина Какенова Австралиядағы жасөспірімдер турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мельбурн Паркінің» кортында Австралияның ашық чемпионатына арналған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі аяқталды. 14 жастағы жерлесіміз Альбина Какенова финалдағы тартысты бәсекеде Жапония өкілі Хикари Ямоммотоға есе жіберіп алды: 7:6, 4:6, 2:6.
«Әрине, шешуші матчта жеңіліп қалғаныма мұңайып отырмын. Финалға жету үшін көп қаншама күш жұмсадым. Дегенмен жылды жақсы бастағаныма өте қуаныштымын. Бірінші финал - мұндай беделді турнирде. Бұл тамаша апта және жақсы турнир болды. Мен одан тек оң нәтиже ала аламын», - деді Какенова.
Альбина Астана теннис мектебінің тәрбиеленушісі, «Дәулет» теннис орталығында Марат Шариповтың жетекшілігімен жаттығады. Өткен жылы Қазақстан маусымды 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Азия рейтингінде бірінші орында аяқтап, ATF (Asian Tennis Federation) Juniors сериясының жалпы төрт турнирінде жеңіске жетті.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?